Қазақстан • 05 Сәуір, 2022

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді

324 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин 2022 жылғы наурыздағы іскерлік белсенділік индексі туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді

Оның айтуынша, наурыз айында іскерлік белсенділік геосаяси жағдайдың күрт өзгеруіне және экономиканың одан әрі дамуына қатысты белгісіздіктің жоғары деңгейіне қысым көрсетті.

«Наурызда іскерлік белсенділік индексі төмендеп, 48,3 құрады (ақпанда - 50,6). Іскерлік белсенділіктің төмендеуіне өнеркәсіп және қызмет көрсету секторлары бойынша субиндекстердің тиісінше 48,2 және 48,4-ке дейін төмендеуі әсер етті (ақпанда - 51,4 және 50,6). Сонымен қатар, құрылыста индекс мәні 47,1-ге дейін өсті (ақпанда - 46,0)», деді Рүстем Оразалин.

Өңірлерде ИДА ең төмен мәні Солтүстік Қазақстан облысында (40,0), ең жоғары мәні Түркістан (55,4) және Маңғыстау (54,2) облыстарында тіркелген.

2022 жылғы наурызда кәсіпорындардың бағалауы бойынша бизнесті жүргізудің ағымдағы шарттары нашарлады: оң және теріс жауаптар арасындағы теңгерім (-) 9,3 (ақпанда - (-)2,4) құрады, барлық секторларда нашарлау байқалды. Бизнес-шарттарды бағалаудың барлық факторлары бойынша теріс жауаптар басым болды.

Салық жүктемесін бағалау ақпан айында (-) 5,5-тен наурыз айында ( - ) 3,4-ке дейін жақсарды, бірақ әлі де теріс болып отыр. Сұраныс іс жүзінде өзгерген жоқ (-3,8). Респонденттердің бағалауы бойынша қалған факторлар (коммуникацияларға қол жеткізу, қаржы/несиеге қол жеткізу және бизнесті қорғау мәселелері) біршама нашарлады.

Сондай-ақ алдағы 6 айға кәсіпорындардың болашақ бизнес-шарттарға қатысты сенімділігінің төмендеуі байқалды: болашақ шарттарды бағалау 2021 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет теріс болып, (-) 5,2 (ақпанда - 21,5) құрады.

Нәтижесінде ағымдағы және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-климат индексі тұтастай алғанда экономика бойынша айтарлықтай нашарлап, (- ) 7,2 (ақпанда - 11,4) құрады.

2022 жылғы наурызда сауалнамаға 465 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 71, өнеркәсіпте – 177, қызметтерде – 217.

Соңғы жаңалықтар