Тағайындау • 05 Сәуір, 2022

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

1225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

«Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды»,  делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» компаниясында оператор ретінде бастаған.

2001 жылдан 2004 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

2004 жылдан 2006 жылға дейін «Жазық» АҚ атқарушы директоры болды.

2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі болған.

Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.