«Күш арттыру, шыдамдылық пен жылдамдықты шыңдайтын жаттығуларға кірістік. Келесі апта спарринг. Рингке 100 пайыз дайын болып шығу керек. Әлемге Қазақ стилін көрсетуге өте жақсы мүмкіндік туып тұр. Бұйырса, тарих жасаймыз!», деп жазды боксшы Facebook-парақшасында.
Еске салсақ, Әлімханұлы мен Дигнум жекпе-жегі 21 мамырда АҚШ-та өтеді. Боксшылар орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулын сарапқа салады.