05 Сәуір, 2014

БҰҰ өкілімен жылы шырайлы жүздесу

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов пен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай БҰҰ-ның Діни наным-сенім бостандығы жөніндегі арнаулы баяндамашысы Хайнер Билефельдтпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақ­стан­ның дін саласындағы заңнамалық базасының жағдайы мен дамуы, 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңды іске асырудың мәселелері, сондай-ақ, діни бірлес­тіктердің қызметі туралы пікір алмасылды. А.Бижанов өз сөзінде тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда адам құқықтары мен бостандығы тұрғы­сында, дінге құрметпен қарайтын демократиялық мемлекеттік саясат жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Діни сеніміне қарамастан, азамат­тардың бостандығы, мемлекет пен діннің бір-бірінің ісіне араласпау қағидасы бекітілген Конституция мемлекеттік саясаттың негізі болып табылады. Сенатор, сондай-ақ, мұсыл­ман­дардың Құрбан айт мереке­сінің алғашқы күні мен правос­ла­виеліктердің Рождество мерекесін демалыс деп жариялау туралы Қазақстан Президентінің Жарлығы мемлекеттің дінге деген құрметінің көрінісі болып табылатынын атап өтті. Өз кезегінде С.Ақылбай «Діни қыз­мет және діни бірлестіктер туралы» Заңды іске асыру мен еліміз­дегі діни қызметті құқықтық реттеу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Хайнер Билефельдт сенаторларды Қазақстанға сапарының барысы мен еліміздегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйым­дардың өкілдерімен кездесу­лері, Алматы, Астана және Қара­ғанды облыстарында болғаны туралы хабардар етті. «Кездескен адамдардың бәрі Қазақстанда дін саласында толерантты ахуал мен үйлесім қалыптасқанын айтты. Бұл менің баяндамамда жария етілетін болады», деді Х.Билефельдт. Жүздесу барысында әңгіме­ле­су­­шілер Қазақстандағы дін сала­­сындағы заңнама тұтастай алған­да халықаралық ережелер мен стан­дарттарға сәйкес келетінін атап өтіп, осы саладағы заңнаманы же­тіл­діру жолдары туралы пікір алмас­­ты.