Атап айтқанда, құрамында Татьяна Хорошилова, Людмила Жукова, Дәурен Мырзабек және Ақниет Ілиясов сынды жас мұғалімдер бар ұжым аталған додада қола жүлдеге ие болды.
Жүлдегер команданың капитаны Ақниет Ілиясовтың айтуына қарағанда, олар мұндай жоғары деңгейдегі зияткерлік жарысқа алғаш рет қатысқан екен.
– Біз бір-бірімізбен доданың облыстық кезеңінде танысып, тез арада тіл табысып кеттік. Жалпы, олимпиада төрт кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсысында үш тапсырмадан болды. Бөлінген уақыт тапсырмалардың күрделілігіне қарай бекітілді. Мысалы, бірінші кезеңге 10 минут, ал екінші турға 15 минут берілді деген сияқты. Физикалық тұрғыда бір адам барлық үш тапсырманы бір турда орындай алмайды. Сол себепті, олимпиада топтық жұмысқа негізделген, – дейді капитан.
Еске салсақ, республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы елімізде 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.
Бұл сайыста мұғалімдер арасындағы математика олимпиадасының облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары ғана бақ сынай алады. Ал команда міндетті түрде төрт адамнан тұруы керек.
Қарағанды облысы