Білім • 06 Сәуір, 2022

ЖОО-ға берілетін гранттар саны біршама ұлғаяды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техникалық және ІТ салаларға бөлінетін мемлекеттік гранттар 60%-ға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОО-ға берілетін гранттар саны біршама ұлғаяды

«Президент жүктеген тапсырма бойынша 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салынады. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге және демографиялық өсімнен туындайтын оқушы орындарына тапшылықты жоюға бағытталған. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою үшін мектептерді модернизациялау жалғасуда. 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледжде білім алу 100% тегін болады. Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғаяды. Оның ішінде техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі», деді Ералы Тоғажанов өз сөзінде.

Сонымен қатар ол экономикаға қажетті кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатынын айтты.