«Қарасай ауданында 35 жастағы ЛиАЗ автобусының жүргізушісі Алматы – Жандосов автожолында тежегішінің істен шығуы салдарынан жол-жөнекей келе жатқан тоғыз автокөлікпен (Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz) соқтығысты», делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Автобустың бірнеше жолаушысы мен жүргізушісі Қаскелен ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.