Футбол • 06 Сәуір, 2022

Ұлттар Лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

1512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол құрамасы жаңа маусымдағы Ұлттар лигасының 4 тобында кімдерге қарсы шығатыны белгілі болды. Қазақстандық футболшылар алты матч өткізеді, оның үшеуі өз алаңымызда өтсе, қалған үшеуі сыртта өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттар Лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

«Әлемдік рейтингте 125-ші орынды иеленген Қазақстан ұлттық құрамасы ұлттар лигасынан дивизионда Әзербайжан (129), Словакия (45) және Беларусь (93) командаларымен ойнайды. Қазақстандық футболшылар Әзербайжан өкілдерімен алғашқы кездесуін 3 маусымда «Астана Аренада» өткізеді», делінген ҚФФ сайтында.

7 маусымда қазақстандықтар Словакиямен және 11 маусымда Беларусьпен кездеседі. Ұлттар Лигасының екінші айналымы 13 маусымда Словакияға қарсы басталады.

Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қазақстан құрамасы елорда төрінде Беларусь жасағын қабылдайды. Қорытынды ойын 25 қыркүйекте Бакуде өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы ойнайды.