Жарыстың екінші күні қазақстандықтар D тобында Вьетнам құрамасын ойсырата ұтты. Бірінші болып Асылжан Арыстанбекова Нго Хонгпен шеберлік байқасты. Тоғызыншы геймде қазақстандық теннисші брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте Асылжан қарсыласына бір ғана гейм ұстатты – 6:1. Екінші матчта Айя Нұпбай Хунх Нгокты тас-талқан етіп жеңді – 6:0, 6:3. Содан кейін А.Арыстанбекова Карина Жұмаджановамен бірге жұптық сында 1 сағат 45 минутта Нго Хонг пен Хунх Нгокты тізе бүктірді. Есеп – 6:4, 4:6, 10:5.
Осылайша, Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтқан қазақстандық қыздар мерзімінен бұрын іріктеу сайыстарының ширек финалына жолдама алды. Ертең Қазақстан құрамасы Сингапурмен ойнайды. Бұл матч ел құрамасы үшін ештеңе шешпейді. Ширек финал жеребесі ертең кешке тартылады. Финалдық кезеңге тек үш команда ғана жолдама алады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Bille Jean King Cup by BNP Paribas (әлем чемпионаты) іріктеу сайысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:30
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Есірткі • Бүгін, 17:15