Қоғам • 06 Сәуір, 2022

Елордада балаларға зәбір көрсеткен тәрбиеші жауапқа тартылды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде «Сати» инклюзивті балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балаға дөрекілік көрсеткен тәрбиешінің видеосы жарияланды. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада балаларға зәбір көрсеткен тәрбиеші жауапқа тартылды

Instagram-да жарияланған хабарламаның сипаттамасында тұрақты зәбір көрсетушілік, балаларға айқайлау, соның ішінде дөрекі сөздер қолдану, дұрыс тамақтандырмау және бала күтіміне қатысты басқа да шағымдар туралы жазылған.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті зорлық-зомбылық фактісі бойынша балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар елордалық білім басқармасы прокуратура мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне балабақшаның білім беру қызметіне тексеру жүргізу туралы хат жолдаған.

Қазіргі жағдай Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.

Басқарманың мәліметінше, балабақша мемлекеттік тапсырыс орналастырылмаған жеке ұйым болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі білім беру органдарына өз қызметінің басталғаны туралы хабарлама жібермеген. Қазіргі уақытта балабақшада 12 адам жұмыс істеп, 60-тан астам бала тәрбиеленгені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03