05 Сәуір, 2014

Қаржысын қорға аударды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Лондонда ирландық суретші Мэри О’Конордың «Шай және сұхбат» атты Қазақстан туралы альбомының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасының Ұлы­­бри­­­таниядағы Елшілігінде қазіргі заман­ғы көркемөнердің өкілі ирландық сурет­ші Мэри О’Конордың «Шай және сұх­бат – Орталық Азия шетелдіктердің көзқара­сымен» атты альбомын таныстыру рәсімі өтті. Басылымда Қа­зақ­стан халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, мәдени-та­ри­хи ес­керт­кіштеріне, діни нысандарға ар­нал­ған авторлық суреттер мен мә­де­ни-ру­хани мұра туралы бірқатар мақалалар, со­ның ішінде қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев пен қазіргі заманғы әдебиет өкіл­дері шы­ғар­маларының аудармалары жарық көрген. Британдық тарап Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасымен, заманауи үр­діс­тер мен қоғамдық үдерістермен танысты. Басылымның авторы Мэри О’Конор ұлттық бірліктегі және қоғамдық келісім­дегі жетістіктерді және бұл сала­дағы қазақстандық тәжірибені, әртүрлі ха­лық­тар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік нығайтуда және тұрақ­тан­дыруда Қазақстанның қосқан үлесін аса жоғары бағалады. Кітап сатылымынан түскен барлық қа­ра­­жатты суретші Мэри О’Конор бала­­лар үйінде тұрып жатқан мүгедек ба­­ла­­­ларға көмек ретінде қазақстандық «Дара» қайырымдылық қорына аударды. «Егемен-ақпарат».