Президент • 06 Сәуір, 2022

Мемлекет басшысы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасын Қазақстанға шақырды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасын Қазақстанға шақырды

Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Дубайда өткен ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.

Әңгіме барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективалары жан-жақты талқыланды.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Дәлірек айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды.  

Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58