Мектеп оқушылары құрастырған тазалау роботының жұмыс істеуіне арналған бағдарлама жасауға мұғалімі Джон Пол Бежерано көмектескен. Оның айтуынша, мақсат – қымбат емес күн батареяларын тазалайтын автоматты жүйе жасау. Күн батареясының панелінде жиналып қалған қар мен шаң тозаңды тазарту үшін роботтың айналып тұратын щеткасы бар. Роботтың кішігірім күн панельдері арқылы қуат жинайтын батареясы болады.
Күн сәулесі панельдерін тазарту және олардың тазалау механизмін жаңарту үшін арнайы құрылғы жасаған оқушының бірі – Абылай Амангелдіұлы. Оқушы осы уақытқа дейін бірнеше құрылғы ойлап тапқан.
– Бұдан бұрын «Ковид трекер» деп аталатын бағдарлама құрастырған едім. Бұл бағдарлама арқылы коронавирус инфекциясына байланысты ақпаратты табуға болады. Ал «Білім ал» атты бағдарламаны қазақ тілін үйренуге арнап жасадым. Алдағы уақытта жас бағдарламашыларға арналған бағдарлама ашуды ойластырып жүрмін, – дейді Абылай Амангелдіұлы.
Оқушылар мидың бөліктері мен функцияларына зерттеу жүргізіпті. Зерттеу нәтижесінде контузияны емдейтін тренажердің әсер ету күшін төмендететін модельдік миға арналған қорғаныс қалпағын жасаған. Қорғаныс қалпағы спортпен шұғылдану кезінде оның құлауына жол бермейтін технологиямен жабдықтауға бағытталып отыр.
– Макетімізде бес сенсор болады. Бұл мидың бес бөлігіне арналған. Әр датчик мидың әр бөлігіне түсетін күшті есептейді, – дейді 10-сынып оқушысы Айсұлтан Жұмабай.
Атырау облысы