фото: Zakon.kz
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, 7 сәуір күні сағат 02:00-де Талғар қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан әмбебап базар аумағында контейнерлік сауда орны өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Шақыру орнына жоғары дәрежелі өрт сөндіру мамандары жіберілді.
Өрт 03:51-де сөндірілді, ал 05:00-де толық ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша 900 шаршы метр аумақ өртке оранған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілер өрттің базардың барлық аумағына таралуына тосқауыл қойылды (әмбебап базардың жалпы ауданы 8330 ш.м.).
Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынақ зертханасы жіберілді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары және басқа да мамандар қатысты.