Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізетінін жариялады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық диджей, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек (Imanbek) Зейкенов әлемдік тур жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізетінін жариялады

Ол «Рахмет» деп аталатын туры туралы өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Диджейдің музыкалық туры 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт береді деп жоспарланып отыр.

Тур барысында Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.

Еске сала кетейік, қазақстандық музыкант өткен жылы әйгілі Грэмми сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ жерлесіміз Ресейдің GQ журналының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті.