Йемендік Saba ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент вице-президентті қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды.
Агенттіктің хабарлауынша, президент мұндай шешімді ел конституциясына сәйкес және Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бастамасымен қабылдаған.
Әл-Ахмер 2016 жылдың сәуірінен бері елдің вице-президенті қызметін атқарды.