Әлем • 07 Сәуір, 2022

Қырғызстанда мектептер 12 жылдыққа көшеді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда оқушылар алты жастан бастап оқи бастайды, ал нөлдік сынып жойылады, деп хабарлайды Egemen.kz  24.kg. сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанда мектептер 12 жылдыққа көшеді

«Енді бала бірінші сыныпқа жеті емес, алты жасында барады, ал нөлдік сынып жойылады. Біз әлемдік стандарттарға сай боламыз», деді Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев.

Алайда министр инновацияның қашан енгізілетінін нақтылаған жоқ.

Қырғызстан Республикасы БҒМ баспасөз қызметі қосымша оқу жылын енгізу туралы мәселе жоқ екенін түсіндірді: енді дайындық сыныбы бірінші деп аталады. Нәтижесінде оқушылар 12 жыл оқиды.

Сонымен қатар әлеуметтік сала қызметкерлерінің республикалық кеңесінде Алмазбек Бейшеналиев оқушыларға оқу жүктемесінің қысқарғаны туралы хабарлады.