Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Альфа-Банк Қазақстан несие беруді тоқтатып, лимит енгізеді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Альфа-Банк Қазақстан несие беру тоқтағанын, сондай-ақ қолма-қол ақша алу мен аударымдарға лимит енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Альфа-Банк Қазақстан несие беруді тоқтатып, лимит енгізеді

«Біз АҚШ доллары және еуро аударымдарын уақытша тоқтатамыз. Ұсыныс ретінде айта кетейік, сіз банкомат және банк бөлімшелерінен қолма-қол ақша алып, басқа банктерде теңгеге ауыстыра аласыз. Сондай-ақ, валютаны теңгеге айырбастау мүмкіндігі бар», деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жеке желіден тыс Visa және MasterCard карталары уақытша жұмыс істемейді.

Банк клиенттерге Альфа-Банк банкоматтарын қолдануды ұсынады. Қазіргі уақытта шетелде жүрген клиенттер қолма-қол ақша ала алады немесе басқа банк карточкасымен төлем жасай алады.