Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Сенат депутаты Үкімет пен әкімдіктің жұмысын сынады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сергей Ершов Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат депутаты Үкімет пен әкімдіктің жұмысын сынады

«Қазақстанда көктем мезгілі келген сайын су тасқындары болады. Жергілікті шенеуніктер су тасқыны мен су басудың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ елді мекендерді қорғау, өзен арналарын тазарту, көпірлер мен гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар туралы баяндайды. Алайда, өкінішке қарай, жағдай түбегейлі өзгермейді... Бұған БҚО, Ақтөбе, Ақмола, СҚО және Қарағанды облыстарындағы жағдай дәлел. Су тасқынын жою бойынша күнделікті мәліметтер көңіл көншітпейді, тұтас елді мекендерді су басты. Азаматтар баспанасынан, мүліктерінен айырылып жатыр, соның салдарынан  мемлекет те  экономикалық шығындарға ұшырап отыр», деді Сенат депутаты Сергей Ершов.

Оның мәліметі бойынша, гидротехникалық құрылыстардың жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады, ал кейбір жағдайларда олардың басым көпшілігі өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған және қазіргі уақытта физикалық және моральдық жағынан 40% - ға дейін тозған. Сонымен қатар, Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың жартысына жуығы апатты жағдайда және жөндеуді немесе жаңғыртуды қажет етеді.

Оны ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдады.

«Өте өзекті мәселе. Бүгін бірқатар өңір су тасқынына тап болды. Жыл сайын бұл мәселені депутаттар мен жұртшылық көтеретініне қарамастан, жергілікті атқарушы органдар, министрліктер бұл жағдайға дайын емес сияқты», деді Мәулен Әшімбаев.