Теннис • 07 Сәуір, 2022

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның АҚШ-тағы турнирде жолы болмады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның АҚШ-тағы турнирде жолы болмады

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 42-сатыда тұрған украиналық Ангелина Калининамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда украиналық теннисші сәттірек ойнады – 6:4.

Екіншісінде Рыбакина артығымен есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші сетті Калинина 6:4 есебімен жеңді.

Екі сағат 18 минутқа созылған матчта Елена 10 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған америкалық Аманда Анисимовадан ұтылып қалды – 1:6, 2:6.