Елдің экономикасы тығырыққа тіреліп, теңселе бастаған сәтте Үкімет өкілдері мен жергілікті тауар өндірушілердің аузынан «тұтынушылық патриотизм» деген сөз шыға бастайды. Соңғы күндері аталған сөз құлағымызға жиі шалынатын болып жүр.

Тұтынушылық патриотизм – отандық өнімді тұтыну арқылы ішкі нарықты қолдау. Яғни тығырыққа тірелген экономикаға тірек болу, демеу. Мұны экономиканың жазылмаған заңы, қағазға түспеген қағидасы десе де болады. Әлбетте, ол әркімнің сана-сезіміне байланысты және мұндай патриотизм көп жағдайда халық күнделікті тұтынатын азық-түлікке қатысты қолданылады.
Айталық, дүкенде тұтынушыға керек тауардың екі түрі қатар тұр. Бірі – жарнамасы жер жарған шетелдік бренд, екіншісі – аты алысқа тарамаған отандық өнім. Алғашқысын таңдаса шетелдің, екіншісін таңдаса өз елінің экономикасына үлес қосады. Таңдау тұтынушының өз еркінде. Оған ешкім «мынаны ал» деп мәжбүрлей алмайды. Бәрін әркімнің ішкі түйсігі, сана-сезімі шешеді. Төлеген ақшам сыртқа кетпей, өз елімізде қалсын, отандық өндірушілерге түссін, елдің экономикасына жұмыс істесін дегендер отандық өнімді таңдауы мүмкін. Міне, тұтынушылық патриотизм деген – сол.
Еуропа елдерінің көбі дәл осы тұтынушылық патриотизм арқылы ішкі нарықты, отандық өндірісті, жалпы экономиканы алға бастырып отыр. Алайда әлемнің осынау озық тәжірибесі біздің елде кең таралмаған. Сонда қазақстандықтардың патриотизмі төмен болғаны ма? Мүмкін, әрине. Бірақ бұл үшін тұтынушыларға өкпе айтудың жөні жоқ.
Біздіңше, гәптің бәрі сапа мен бағадан шығып отыр. Жергілікті компаниялар сапасы шетелдік тауардан кем түспейтін өнім ұсынса, тұтынушылар отандық өнімді ойланбай-ақ алары анық. Демек біз ішкі нарыққа сапалы өнім ұсына алмай отырмыз немесе біздегі сапалы өнімнің көлемі тым аз. Ал тұтынушылар отандық өнім екен деп сапасыз тауарды алуға міндетті емес.
Шетелдік сапамен теңесу қиын екенін мойындау керек. Ендеше бұқара халықты отандық өнімді сатып алуға ынталандырудың бірден-бір жолы – бағаны төмендету. Айлығын шайлығына жеткізе алмай жүрген тұтынушылар дәл осы тұрғыдан отандық тауарды таңдауы мүмкін. Бірақ біздегі отандық өнімдердің бағасы импорттық тауардан асып түспесе, кем емес. Өйткені жергілікті компаниялар шығаратын тауардың өзіндік құны қымбат. Олар сол себепті бағаны төмендете алмайды. Төмендетсе, шығынға батады. Мұндай жағдайда тауар өндірудің, бизнес бастаудың қажеті шамалы.
Демек Үкімет елдегі тұтынушылық патриотизмді қолдауға тиісті жағдай жасай алмай отыр. Сондықтан Үкімет мүшелері мен тауар өндірушілердің бұқара халықтан тұтынушылық патриотизмді талап ететін де жөні жоқ. Сонда не істеу керек? Біздіңше, мұндай патриотизм төменгі таптан емес, жоғарғы жақтан басталуы қажет. Бірінші кезекте шетелден келетін өнімді шектеу керек. Мәселен, былтыр Қазақстанға сырттан 4,9 млрд доллардың азық-түлігі жеткізілді. Оның жартысынан көбі Ресейден әкелінген. Демек біздің елдің азық-түлік қауіпсіздігі дұрыс қорғалмаған. Шетелге тәуелдіміз. Мұндай тәуелділік тұтынушылық патриотизмді өрістете алмайды.
Тұтынушылық патриотизмді дамыту үшін Үкімет нақты қадамдарға баруға тиіс. Айталық, сауда орындарындағы шетелдік және отандық тауарлардың ара қатынасын реттеу маңызды. Мәселен, сауда сөрелеріндегі тауардың 80 пайызы отандық, қалған 20 пайызы импорттық өнімнен тұруға тиіс деген талап қоюға болады.
Қазақстанда сапалы тауар өндіретін компаниялар жетерлік. Бірақ олардың өнімі бәріне бірдей қолжетімді емес. Яғни шығаратын көлемі аз немесе мұндай өнімдер сатылатын сауда желілері аса көп емес. Ірі мегаполистердің тұрғындары тұтынатын отандық сапалы азық-түлік өзге аймақтарда мүлдем кездеспеуі мүмкін. Сондықтан осыған да назар аударып қойған артық болмайды.
Біздің тарапымыздан жіберілген тағы бір кемшілік – тұтынушылық идеологияның жоқтығы. Халықты хабардар ету, ынталандыру, жаңашылдықты түсіндіру, отандық өнімді насихаттау, дәріптеу жұмыстары кемшін түсіп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу маңызды.
Тұтынушылық патриотизмге әшейін термин ретінде қараудың қажеті шамалы және оны қара бұлт үйірілген шақта ғана ойға алу дұрыс емес. Ол әлемнің дамыған елдеріндегідей, Қазақстанда да экономиканы алға сүйрер нақты тетікке, ішкі нарықты дамытудың негізгі стратегиясына айналуы керек. Сонда ғана ұпайымыз түгел болмақ.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар