Атырау облысының намысын қорғайтын «Бейбарыс» хоккей командасына 850 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы команда директоры Болат Мұхамбетқалиев хабарлады.
Қазақстан хоккей федерациясының осындай шешім қабылдауына «Бейбарыс» пен қарағандылық «Арыстан» командалары арасында өткен кездесуде көрермен тарапынан тәртіпсіздікке жол берілгені себеп болған. Ойын төрешісінің шешіміне наразылығын тиын шашумен білдірген жанкүйердің әдепсіздігіне байланысты «Бейбарыс» командасына айыппұл салынды.
-Федерация шешімімен тәртіп бұзушылық салдарынан «Бейбарыс» командасына 850 мың теңге айыппұл салынды. Және соңғы бесінші ойынды басқа алаңда өткізуге шешім қабылданды. Тәртіпсіздік жасаған адамды анықтау үстіндеміз. Бірақ кім екенін, қай жерде тұратыны туралы мағлұмат жоқ. Анықтағаннан кейін құқық қорғау органдарына арызымызды жазамыз, –дейді «Бейбарыс» хоккей командасының директоры Болат Мұхамбетқалиев.
Еске сала кетейік, атыраулық «Бейбарыс» командасы бес жыл бұрын құрылған. Осы кезеңде аталған команда ел чемпионатының екі алтын және екі күміс жүлдесіне ие болды. Ал биылғы чемпионатта қола жүлдеге қол жеткізуді көздеп отыр.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Атырау облысы.
Дереккөз: Атырау облысының «Бейбарыс» хоккей командасы.
Фото: www. dmk. kz.

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше