06 Сәуір, 2014

Мақат ауданындағы білім ошақтарының санитарлық жағдайы сын көтермейді

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-04-MakatАтырау облысы Мақат ауданындағы білім ошақтарының санитарлық жағдайы талапқа сай емес. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокурорлық қадағалаудың басымды бағыттарының бірі - жасы кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы болып табылады.Осы негізде, Мақат аудандық прокуратурасымен білім беру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен, Мақат поселкесіндегі балалар бақшасының және Доссор поселкесінде орналасқан екі мектептің асханаларында ішек таяқшасы бактериялары анықталған. Анықталған кемшілікке орай, прокурорлық ықпал ету актісі негізінде аталған білім беру мекемелерінің қызметтері уақытша тоқтатылып, 936 баланың құқығы қорғалды. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға толық сәйкестендірілгенше, олардың қызметтерін тоқтату туралы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасымен талап арыз берілді.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Дереккөз: Облыстық прокуратура.

Фото: www. Today.kz.