06 Сәуір, 2014

Қытай буддистері өздерінің жеке антитеррорлық жасағын құрды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05 04 - Kitai monahtariҚытай буддистерінің «Линьинсы» монастырі өзінің жеке антитеррорлық жасағын құрды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Арнайы жасақ 20 монахтан тұрады. Олар шоқпар, бұрыш шашатын баллон және қалқандармен қаруланған. Монахтар күндіз медитация мен дұғаларын оқығандықтан, жаттығуларымен түнде айналысуға мәжбүр. «Reuters» агенттігінің ақпары бойынша, полиция оларға жаттығу жасауға көмектесуде. Монахтар экстремистердің шабуылынан қауіптенеді. Наурыз айында ұзын пышақтармен қаруланған лаңкестер Куньмин округіндегі теміржол вокзалына шабуыл жасап, 33 адамды өлтірген. Оқиғадан тағы 100-ден аса адам жарақат алған болатын. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Lenta.ru.
Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25