07 Сәуір, 2014

Атырауда тұратын соғыс ардагері қайтыс болғандар тізіміне енгізілген

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-AtirayАтырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Погадаев 2001 жылдан бастап қайтыс болғандар тізіміне енгізілген. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады. «Бұл жайт кездейсоқ біз халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезімізде белгілі болды.  Куәлікке белгі салып, орталықта бізге қызмет көрсеткен қыз мұндай анықтама ала алмайтынымызды айтты. Өйткені, Александр Иванович Погадаев мәліметтер базасында 2001 жылдан қайтыс болғандар санатында болып шықты», - дейді ардагердің немересі Ольга Сбитнева. А. Погадаев Атырау өңіріне танымал азамат. Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер қызметінің отставкадағы полковнигі. Ол сондай-ақ атыраулық ардагерлер қорының және «Фронтовичка» еңбек ардагерлері қорының белді мүшесі. «Тағы бір қызығы, 2004 жылы атамыз жаңа жеке куәлік және шетелдік төлқұжат алды. Бірнеше рет шетелде демалды. 2013 жылы мемлекеттен пәтер алды. Тірілер тізімінде жоқ адамды қалай шетелге өткізген? Тіпті пәтерді рәсімдеуді айтпағанда», - дейді сөз орайында О.Сбитнева. Ардагер немересінің айтуы бойынша, жергілікті жерде жіберілген бұл өрескел қателікті түзеу оңайға соқпай тұр. Ал осындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметкерлер болса, ардагердің туыстарына «күтіңдер, түзету енгіземіз»,-деумен келеді. Бір таңқаларлығы, туыстары жақында 90 жасқа толатын ардагерге оның бұдан 13 жыл бұрын тірілер санатынан шығып қалғанын әлі айтпаған көрінеді. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Gazeta.kz. Фото:www.Tv100.ru.