GGG–Murata жекпе-жегі Жапонияның ірі спорт ареналарының бірі – 37 000 көрерменге арналған Saitama Super Arena-да өтеді. Арена көптеген спорттық жарыстар мен басқа да іс-шараларға арналған.
Saitama Super Arena билет кассасының сайтындағы бағаларды қарасақ, қазір екі секторда 22 000 иен (82 280 теңге) және 33 000 иен (123 420 теңге) тұратын билеттер қалған. Олардың да саны аз.
Ең қымбат билеттер сатылған үш сектордан жанкүйерлер билет алып үлгерген. Бұл аймақтарға кіру билеттері шамамен 111 000 иен (205 700 теңге), 77 000 йен (287 980 теңге) және 111 000 иеннен (415 140 теңге) сатылды.