07 Сәуір, 2014

«Атырау» су спорты командасы директорына айып тағылды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 07-04-Atiray«Атырау» су спорты командасы директорына 1,3 млн. теңгені ысырап қылды деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлады.

  Осы келеңсіздікке байланысты «Атырау» су спорты командасының директоры үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 176-бабының  3-бөлімінде (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) көзделген әрекеттерді жасады деген күдікке ілінген директор 2013 жылы 1,3 млн. теңгені командада жұмыс істемейтін адамның банктік карточка нөміріне аударылуына ықпал жасапты.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Атырау облысы.

Дереккөз: Облыстық департамент.

Фото: www.Egemen.kz.