Аймақтар • 08 Сәуір, 2022

Алматыда 100 мың адамға су мен құрма таратылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айында қала көшелерінде 100 мың адамға су мен құрма таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 100 мың адамға су мен құрма таратылды

Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен қала көшелерінде 25 тонна су мен Меккеден арнайы алдырған 2 тонна құрма 100 мың адамға үлестірілді. Шараға қала мешіттерінің дін қызметкерлері мен волонтерлар жұмылдырылды.

«Биыл қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады. Рамазан - құран айы. Сол себепті, осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі», деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.

Т.Оспанның айтуынша, Алматы орталық мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сонымен қатар қала мешіттерінде де ауызашар беріледі.