Әлем • 08 Сәуір, 2022

Шанхайда коронавирус өршіп тұр

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатаң карантин режиміне қарамастан Шанхайда коронавирус жұқтыру дерегі азаяр емес, деп хабарлайды Egemen.kz


Шанхайда коронавирус өршіп тұр

Кеше шаһарда рекорд тіркелді. Бір тәулікте қауіпті инфекция 21 мың адамнан анықталды. Қазір қалада тұрғындарды жаппай тестілеу жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Шанхайда коронавирус қайтадан өрши бастады. Осыған байланысты 26 миллион тұрғыны бар қала қатаң карантинге жабылған болатын.
Айта кетейік, көрші елдегі жағдай туралы Хабар-24 арнасы ақпарат таратты.