Биыл негізгі жұмыстар жүргізіледі, ал келесі жылы нысан тапсырылуы тиіс.
Өткен жылы жер асты суы шоғырланған орында төрт ұңғыма бұрғыланды. Қарқаралы ауданының әкімі Елдар Дүйсетаев биыл жұмыстардың негізгі бөлігі атқарылатынын хабарлады. Сорғы станцияларын салу, резервуарларды толтыру және құбырлар салу жоспарлануда. Су таратқыштың ұзындығы 40 шақырымды құрайды, жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Жеңіс Қасымбек ауданға іс сапары барысында жұмыстардың сапасын бақылауды тапсырды. Ол Қарқаралы табиғаты құрылысшылардың араласуынан зардап шекпеуі тиіс екенін атап өтті.
«Жоба өте маңызды. Тұрғындар оны күтіп отыр. Келесі жылы толық аяқтау керек», деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Ауданның басқа елді мекендерінің тұрғындары да сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.