Қазақстан • 09 Сәуір, 2022

Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған төлқұжат жасатқан

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 сәуірде Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған төлқұжат жасатқан

Жүктерін тексеру кезінде олардың өз паспорты табылғаны хабарланды.

«Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжат 10 мың АҚШ доллары тұрады», делінген хабарламада. 

Жалған құжаттар тәркіленді. Қазір оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.