Аймақтар • 09 Сәуір, 2022

«Бекіре-2022»: акцияның бірінші аптасында 1 тоннаға жуық балық заңсыз айналымнан алынды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бекіре-2022» балық қорғау акциясының бірінші аптасында заңсыз айналымнан 911 кг балық алынды. Сондай-ақ, броконьерлік фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бекіре-2022»: акцияның бірінші аптасында 1 тоннаға жуық балық заңсыз айналымнан алынды

Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 101 дерегін анықтады, соның нәтижесінде 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

.

Сонымен қатар, 4 іс әкімшілік сот органдарына жолданды. Заңсыз балық аулау дерегі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 1,5 млн. теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 911 кг балық және 33 бірлік балық аулау құралдары, 33 бірлік суда жүзу құралдары алынды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су қоймаларынан 94 бірлік заңсыз балық аулау құралдарынан тазартылды.

.

Естеріңізге сала кетейік, кең ауқымды «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өңірдегі барлық құқық және табиғат қорғау органдарының тікелей қатысуымен сәуір мен мамыр ай аралығында өтеді.