Атырау облысының Жылыой аудандық соты Құлсары қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Б. мен Н.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 233-1 бабының 1 тармағымен (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату) сот үкімі шықты.Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.
«Ерлі-зайыптылар Б. мен Н. өздерінің туысы болып келетін Е.-нің ықпалымен халықаралық террористік әрекеттер жасау мақсатында шет елге өтіп кетуге дайындалған. Ел аумағынан шығу үшін өздерімен бірге кәмелетке толмаған 4-тен 14 жасқа дейінгі алты баласының құжаттарын көші-қон полициясы арқылы рәсімдеген», — делінген хабарламада.
Сотта ерлі-зайыптылардың кінәлары толық дәлелденді. Балалардың әкесіне 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жұбайы да аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеуді балаларының үлкені кәмелетке толғанға дейін, яғни 5 жылға кейінге қалдырды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Фото: www. Inosmi.ru.
• 07 Сәуір, 2014
Террорлық мақсатта шет аспақшы болған отбасы сотты болды

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25