Қоғам • 10 Сәуір, 2022

Елімізде сатылатын ойыншықтардың 43 пайызы талапқа сай емес - эпидемиологтар

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда сатылатын ойыншықтардың 43,5% санитарлық және басқа да талаптарға сай емес болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz еліміздің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде сатылатын ойыншықтардың 43 пайызы талапқа сай емес - эпидемиологтар

Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізде саудаланатын ойыншықтардың сапасы мен олардың тиісті талаптарға сай болуына ұдайы мониторинг жүргізіп отыр.

Мысалы биылғы жылдың 2 айында санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері республика бойынша 397 ойыншық үлгісін іріктеп алып, зерттеген. Нәтижесінде іріктелген ойыншықтардың 173-і талапқа сай емес болып шықты.

«Бұл саудадағы жалпы ойыншықтардың 43,5%-ы. Оның ішінде, отандық ойыншықтар (0,5%), ЕАЭО - ға мүше мемлекеттер өндірген ойыншықтар - 16 (9,2%), басқа елдердікі 156 (90,1%)», дейді мамандар.

Оның ішінде:

1. Таңбалауға қатысты 100%,

2. органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,4%,

3. санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша - 8% (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).

«Балаларға қауіпсіз емес тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», делінген комитет өкілдері таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ онда сауда кәсіпорындарында екі айда сатудан 3,6 кг ойыншық алынғаны айтылған.

«Ойыншықтарды әркім өз қалауымен таңдайды. Біреу белгілі бір өндіруші компанияға, басқалары бағаға, ал ендігіберуілері сыртқы келбетіне назар аударады. Алайда, сатып алу кезінде барлық ата-ана сатушылардан бірдей қуыршақтардың немесе ойыншық машиналардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етпейді. Ал балалар ойыншықтары ең алдымен заң бойынша қауіпсіз болуы керек. Ойыншықтарды біздің еліміздің аумағында сатпас бұрын Кеден одағының «ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіндегі қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек», дейді мамандар.