Жануарды аман алып шығу үшін құтқарушылар көмекке келген.
Оқиға 8 сәуірде кешкі уақытта Ақтау – Жетібай тас жолының 34 шақырымында болған. Түйе құмды сораңға түсіп, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арқанның көмегімен түйені қауіпсіз жерге тартып алып шықты. Өркешті жануар зардап шеккен жоқ.