Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

Халықаралық ынтымақтастық жайы сөз болды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесті.

Халықаралық ынтымақтастық жайы сөз болды

Асқар Омаровтың Түркия Респуб­ли­касының Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджимен, Мысыр Араб Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Манал Сайед Ехия Эльшиннавимен, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробартпен, сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен кездесулері өтті.

Іс-шаралар барысында министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша атап айтқанда, ақпарат және БАҚ, дін және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Министр ведомствоның қызметімен таныстырып, өз тарапынан Қазақстан екіжақты және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастық аясында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мен дамытуға өзара қызығушылық танытты.