Аталған жарыстың қарсаңында белгілі меценат Берік Қаниев: «Дарынды жастарды қолдау және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында еліміздің екі қаласында шахматтан ірі турнир ұйымдастыруды құп көрдік. Осындай ауқымды шараның өтуіне мұрындық болған Fizmat Endowment Fund қоры мен Қазақстан шахмат федерациясына айтар алғысымыз зор. Олардың өскелең ұрпаққа барынша қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Күні кеше ғана ұйымдастырушылар жарыстың жүлде қоры 2 млн теңгені құрайтынын жария етті. Сонымен қатар РФММ білім беру үшін төрт білім грантын бөледі. Білімге инвестиция салу жастар үшін ең керемет сыйлық екені сөзсіз. Осындай іс-шаралар оқушыларымызды жаңа жеңістерге итермелеп, таланттарын аша түсетініне кәміл сенемін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін», деді.
Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 50 жылдық мерейтойына орай 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтанда жылдам шахматтан ірі турнирдің тұсауы кесіледі.
Алматы-Өскемен тасжолында екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:02
Президент Ғылым және жоғары білім министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 12:40
Түркияда туристер мінген кеме отқа оранды
Әлем • Бүгін, 12:32
Қостанайда егде жастағы ер адам биіктен құлап, көз жұмған
Оқиға • Бүгін, 12:22
Якутияда төрт адам мінген тікұшақ жоғалып кеткен
Әлем • Бүгін, 12:00
Мереке қарсаңында үздік металлургтер марапатталды
Президент • Бүгін, 11:49