Теннис • 11 Сәуір, 2022

Заңғар Нұрланұлы Португалиядағы супер турнирдің финалисі атанды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияның Майа қаласында Tennis Europe сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық супер турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңғар Нұрланұлы Португалиядағы супер турнирдің финалисі атанды

ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, Еуропа рейтингісінің чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы словениялық Зиго Шешкомен бірге жұптық сында германиялықтар Диего Паломеро – Нильс Макдонольдпен бас жүлдені сарапқа салды.

Үш сағатқа созылған тартысты мачта қазақстандық-словениялық жұп қарсыластарына жол берді – 6:1, 5:7, 5:10.

Алматы қаласының 13 жасар түлегі үшін бұл жұптық сындағы алтыншы финалы еді, соның үшеуінде Заңғар жеңіске жетті.

Сонымен қатар ол жекелей сында бес рет чемпион атанған болатын.

Енді қазақстандық жас жұлдыз 18 сәуірде Үндістанға аттанады. Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының іріктеу сайысында ел намысын қорғайды.