Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Түркістан облысында 158 пәтер тоналған

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында осы жылдың үш айында 411 ұрлық тіркелген. Оның ішінде 158-і – пәтер ұрлығы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 158 пәтер тоналған

«Біздің полицейлер пәтер ұрлығының алдын алу бағытында ауқымды іс-шаралар атқарып келеді. Мысалы, учаскелік полиция инспекторлары өзіне бекітілген әкімшілік аумақтағы жергілікті халықпен тұрақты түрде «Ұрылардан сақ бол», «Пәтер ұрылары» тақырыбында кездесу, түсіндіру жұмысын жүргізеді. Адамдар көп шоғырланатын орындарға ескертпе мәтіндер, үлкен билбордтар ілініп, таратылады», деді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ердәулет Амантаев

Сонымен қатар телеарналарға, ақпараттық сайттарға, әлеуметтік желілерге ескерту ретінде дайындалған бейнероликтер жарияланады.