Тағайындау • 11 Сәуір, 2022

Үкіметтің баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист Қанат Құлшыманов ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша бітірген.

Ол өзінің еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдың маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы болған.