Кеше Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Кім-Асар шатқалында ер мен әйел адамның адасып кеткені туралы хабар түскен.
Адасқандардың нақты геолакациясы ұялы телефон көмегімен анықталған. Сондай-ақ оларды табуға қызметтік иттің көмегі көп болған.
«Туристер Бутаков шатқалы маңында адасып кеткен. Қар қалың болғандықтан киімдері су болған. Құтқарушылар оларға жылы киім беріп, қауіпсіз жерге жеткізді», делінген РЖҚЖ хабарламасында.