фото: kznews.kz
Петиция egov.press сайтында жарияланды.
«Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға ешқандай қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қаланы қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдеймін. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, ол біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескеріп, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі», деді қала әкімі.
Сол себепті ол азаматтарды өзара құрмет көрсетуге және әлеуметтік желіде пікір жазу барысында жауапкершілікті ұмытпауға шақырды.
«Ел президенті Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа Қазақстанда біз әрдайым «әр түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын ұстануымыз қажет» деп айтқан болатын. Біздің қаламыздың тұрғындары Президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-біріне жоғары мәдениет танытатынына сенімдімін», деп түйіндеді ол.