Қоғам • 12 Сәуір, 2022

Ұлттық банк активтері азайды

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жыл басынан бері банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк активтері азайды

Оның айтуынша, банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 85,9 миллиард доллар.

«Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банктер шоттарындағы қалдықтардың азаюы және сыртқы қарыз бойынша төлемдер есебінен 1,2 миллиард долларға азайып, 33,2 миллиард долларды құрады», деді Ғ. Пірматов.

Ұлттық қордың активтері 52,7 миллиард доллар.
 
«Республикалық бюджетке 1 036 миллиард теңге көлемінде трансферттер бөлу мақсатында 2022 жылдың бірінші тоқсанында 2,1 миллиард долларға валюталық активтер сатылды.

Мұнай бағасының айтарлықтай өсуі аясында Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан бері 1 059 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге жуық өсті, оның ішінде валюталық түсімдер 1,9 миллиард долларды немесе баламада 845 миллиард теңгені құрады», деді ол.

Аяна Тоғанбек