Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Мешіттерде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

59 рет көрсетілді

Бұған дейін сотталған жас жігіт Алматы облысында мешітке келгендерді тонап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақ полициясының мәліметінше, ақпан айының соңынан Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл ту және Панфилов кенттерінде орналасқан мешіт қызметкерлерінен шағымдар түсе бастаған. Қорғаныс маскасын қолданған қылмыскердің әрекетін көшедегі бейнебақылау камерасы түсірген. Бүгінгі таңда күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екендігі дәлелденді.

«Күдікті кешкі намаз уақытын пайдаланып, келген адамдардың қолма-қол ақша, ұялы телефондар мен құнды заттарын ұрлаған. Сонымен қатар мешіт қасындағы автокөліктердің әйнегін сындырып, тонап кеткен. Қылмыскер Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Қазір ұсталған азамат өңір аумағындағы басқа да осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», деді Талғар аудандық полиция бастығының орынбасары Андрей Бурьянский.

Тергеу кезінде күдікті қамауда болады.

Аяна Тоғанбек

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 15:58

Ұқсас жаңалықтар