Тағайындау • 12 Сәуір, 2022

Қарқаралы және Қазыбек би аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

545 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұған дейін Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасын басқарған Ерлан Құсайын Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарқаралы және Қазыбек би аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

Ерлан Бейсембайұлы Құсайынның үш жоғары білімі бар: 1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарқаралы ауданында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, мектеп директоры қызметіне дейін  көтерілді.

2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Бірнеше жыл облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде еңбек етті. Облыстағы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдың маусымында облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығын басқарды. Кейін «Қоғамдық келісім» КММ директоры болып тағайындалды.

2020 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық  Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында болды.

***

Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы ауданның әкімі болып бұған дейін Қарқаралы ауданының басшысы қызметін атқарған Елдар Дүйсетаев тағайындалды.

а

Елдар Серікұлы Дүйсетаевтың үш жоғары білімі бар: 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы  Қарағанды экономикалық университетін және 2019 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінде мұғалім болып бастады.

2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2019 жылдың желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарды.