Президент • 12 Сәуір, 2022

Мемлекет басшысы Асхат Аймағамбетовті қабылдады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауда берілген тапсырмаларының орындалу барысы, министрліктің білім және ғылым жүйесін жақсартуға бағытталған бастамалары жөнінде баяндалды.

Президентке балалар құқықтарының бұзылу фактілерін азайту үшін жекеменшік балабақшалардың жауапкершілігін арттыруға және мектеп бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеудің жаңа тәсілдеріне қатысты ұсыныстар берілді.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмалары аясында «Ғылым туралы» Заңға өзгертулер енгізілген. Енді тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан астам ғалым тұрақты еңбекақы алады. Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі бұрынғы 3 жылдан 5 жылға дейін созылды. Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінді. Арнайы конкурстар  басталды. Соның аясында 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ғалымдардың әлеуетін арттыру шаралары қабылданды. Жыл сайын 500 отандық маман республикалық бюджет есебінен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Министрдің есебін тыңдаған Президент мектептегі білім беру сапасы мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына лицензия беру тәртібін жетілдіру және іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізетін институттарды қолдау қажет деп санайды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025