Президент • 12 Сәуір, 2022

Президент Astana Qazaqstan Team велокомандасының жоспарымен танысты

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Винокуровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Astana Qazaqstan Team велокомандасының жоспарымен танысты

Мемлекет басшысы Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровпен кездесу өткізді.

Олимпиада чемпионы Президентке Astana Qazaqstan Team велокомандасының соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі велоспорттың дамуы жөнінде, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, соның ішінде еліміздің түрлі қалаларында велосипед тебудің экстремальді түрімен айналысатын спортшылар мен әуесқойлар үшін ВМХ парктерін салу және Алматыдағы велотректі жаңғырту жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы велокоманданың алдағы кезеңге арналған жоспарын қолдап, Astana Qazaqstan Team Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық бренді екенін ерекше атап өтті.