14 сәуірде қалада бірінші жалпықалалық сенбілік жоспарланған.
«Жұмысқа халықты, шағын, орта және ірі бизнес өкілдерін, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерді тарту қажет, өйткені бір ғана мердігерлердің күшімен біз қаланы тез тазалай алмаймыз. Сол үшін барлық кәсіпорындарға нақты аумақтар бекітілген», деп атап өтті М. Жүндібаев.
Сондай - ақ ол ШОБ, ірі бизнес өкілдеріне ғимараттардың қасбеттерін, кіру топтарын, маңдайшаларды, цоколдарды ретке келтіруді тапсырды. ЖОО, колледждер, мектептер басшыларына бекітілген және оған іргелес аумақтарда, аллеяларда тазарту жұмыстарын жүргізу туралы сөз қозғады.
Аяна Тоғанбек