Экология • 13 Сәуір, 2022

«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті

Осыған дейін әлеуметтік желіде «Жасыл даму» АҚ басшысының қызметінен кеткені туралы ақпарат тараған.

«Биыл 1 ақпанда «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз», деді Олжас Беркінбаев.