Әлем • 13 Сәуір, 2022

Финляндияда қалып қойған өнер туындылары Эрмитажға қайтарылды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айының басында Финляндияда қалып қойған ресейлік мұражайлар жинағына енген суреттер, мүсіндер мен мозаикалық үстел Мемлекеттік Эрмитажға қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Финляндияда қалып қойған өнер туындылары Эрмитажға қайтарылды

Оқиға Италия мен Жапониядағы көрмелерде көрсетілген экспонаттардың төңірегінде болды.

Финдік кеден қызметтері бірнеше күн қатарынан мыңжылдық тарихы бар өнер туындыларын санкция енгізілген Ресейге жіберу мүмкіндігін қарастырған. Еуропалық Одақпен кеңескеннен кейін Хельсинки билігі экспонаттарды үш вагонға артып, Ресей шекарасынан өткізуге рұқсат берді.

Шетелде қойылған Эрмитаж, Третьяков галереясы мен Пушкин мұражайының экспонаттары арасында Антонио Канова мен Жан Огюст Доминик Энгрдің де жұмыстары бар. Аталған өнер туындыларының жалпы құны 42 миллион еуроға бағаланады.